Қазақстанда жұма намазын мешіт ішінде оқуға рұқсат етілді
Қазақстанда 27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда жұма намазының мешіт ішінде оқуына рұқсат етілді.
27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та "қауіпсіз" болуға тиіс.
"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 пайыздан, "сары" аймақта 30%-дан, "қызыл" аймақта 20%-дан аспауы керек.
Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып жүр.
"16 жасымда күштеп ұзатты": Зікірші Исматулланың қарындасы балалық шағындағы қорлықты айтты
Күйеуінен таяқ жеп, түрлі қорлық көрген
Шетелде үйсіздерге ай сайын 850 мың теңгеге дейін төленеді: Қазақстанда баспанасыздарға қандай көмек бар
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі
