Алматыда шоуменді ұрып кетті: Полиция түсініктеме берді
Алматыда шоументі ұрып кеткені туралы полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Күдіктілердің бірі анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңға қайшы әрекеттер жасаған тағы екі қатысушы, еркек пен әйел іздестіріліп жатыр. Олар тергеуден жасырынуда", - деді полиция департаменті.
Сондай-ақ, жәбірленушілердің алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
"Тергеу және жедел іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі шығарылады", - деп қорытындылады полиция.
Осыған дейін, шоумен Андрей Вороширин құрбысы екеуін 1 тамыз күні таныс екі келіншек пен бір еркек соққының астына алғанын айтқан болатын.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан