Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда саябақтар мен базарларға адамдар тек маскамен ғана кіре алады

Саябақтар мен базарларға азаматтар маскамен ғана кіргізілетін болады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Коронавирус инфекциясының таралуын одан әрі тоқтату жөніндегі штаб халық жаппай баратын орындарға, атап айтар болсам саябақтар мен базарларға, сауда орталықтарына азаматтарды тек маскамен кіргізу туралы шешім қабылдады", – деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, коронавирус инфекцияның алдын алу бойынша үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

"Профилактикалық шаралар туралы баннерлер жаңартылады: әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу", – деді ол.


Бекшин Алматыда ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы туралы айтты

Талқылау