Алматыда салынып жатқан тағы бір үлкен ғимарат сүрілді (видео)
Алматыда салынып жатқан тағы бір үлкен ғимарат сүрілді. Меншік иесі ғимаратты өз еркімен бұзбаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Алматы әкімдігі
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, меншік иесі Шұғыла шағынауданында 1350 шаршы метрден астам ғимаратты рұқсат құжаттамасыз шаруашылық тәсілмен салған.
"Басқарма меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы, 1-бөлігі, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылдады. Жол берілген бұзушылықтарды жоюға ұйғарым берді. Алайда оны меншік иесі өз кезегінде орындамады", – делінген хабарламада.
-
"Zhekas Doner, Salam bro": Алматыда заңсыз салынған бірнеше тамақтану нысандары мен дүкен сүрілді (видео)
2023 жылғы 20 маусымда Басқарма Наурызбай аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылғы 9 қазанда сот талқылауларының нәтижелері бойынша басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды.
Меншік иесі нысанды бұзуды 20 мамырда Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бастады.