Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда психологті айуанша ұрып, қашып кеткен ер адам ұсталды

Алматылық әйгілі психолог Светлана Божкоға шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматыда психологты ұрып, қашып кеткен ер адам ұсталды

Алматыдағы ДП баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі «Қаруды қолдану арқылы жасалған бұзақылық» бойынша қайта жіктелді. «Осы қылмысты жасаған күдікті Сабырбаев М. С.1991 жылы туған азамат. Шабуылдан бірнеше сағат өткен соң анықталып, қамауға алынды.

Азаматша Донченко (Божко) Светлана оның қылмыскер екенін бірден таныған. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның толықтығы, объективтілігі және жан-жақтылығы қамтамасыз етілді.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті жақын арада сотқа бекітуге ұсынылады», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.

Аталған қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалған.

Бұған дейін белгілі психологты адамтанымастай етіп соққыға жыққанын хабарлаған едік. 

Талқылау