Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кастетпен ұрды: Алматыда белгілі психологты адам танымастай етіп соққыға жыққан

Алматыда белгілі әйелдер психологын ұрып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

психолог

Светлана Божко - танымал психолог. 20 жылдан астам уақыттан бері Қазақстан, АҚШ және Еуропаның қалаларында даоссктік тәжірибеден сабақ береді.

20 шілде күні кешкі тоғыздар шамасында оған өзінің үйнің маңында шабуыл жасалған. Әйел машинасын тұраққа қойып, қақпаны жаппақ болған кезде, таныс емес біреу жанына келген. Алдымен ол әскери бөлімшенің қайда екенін сұраған, артынша әйелге тап берген. 

Бұл туралы психологтың құрбысы Ирина Кальницкая желідегі парақшасында жазба қалдырды. 

"Ер адам кастетпен маңдай қуысына соққы жасаған. Ол келіншектің үйде жалғыз екенін білген. Оның жағы, сүйектері сынып, мұрны мыжылған. Сонымен қатар, бас сүйегі мен миы жарақатын алған. 4 сағаттық ауыр отадан кейін психологтың жақ сүйектері алынып тасталады. Мұрынның бірде бір сүйегі сау қалмаған. Бәрі ұсақ үгінділерге айналыпты. Мұндай күрделі отаны қалада бірде бір дәрігер жасағысы келмей, әрең дегенде келісім берген", - дейді Ирина Кальницкая. 

Оның сөзіне қарағанда, шабуылдаушы бір сәтте тепе-теңдігін жоғалтып, көлікке сүйенген. Көлікте оның саусақ іздері қалып қойған. Психологқа бірінші болып көмекке көршісі келіп, келіншекті құтқарып қалған.

"Мұрынды қалпына келтіру мүмкін емес. Олар маған силикон фрагменттері мен титан торын қойды, өйткені көз ұясы бәрі сынған. Оптикалық нерв қысылып қалыпты. Жақ жағы сынған. Осы күннен бастап мен тек аузыммен дем аламын. Олар менің бетімді біріктірді, бірақ мен не болғанын білмеймін. Полиция алдыма алып келген алты адамның ішінде қылмыскерді бірден таныдым. Ол 27 жаста. Такси жүргізушісі болып жұмыс істейді. Алайда оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылып, қазіргі таңда босатылған. Мен жалғыз тұрамын, ауруханадан шыққаннан кейін үйге қайтуға қорқамын", - дейді Светлана.

Талқылау