Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда науқастары ВИЧ жұқтырғаны үшін жұмыстан босатылған бас дәрігер "Ақсай" балалар ауруханасының басшылығына келді

Нариман Табынбаев жанжалға байланысты Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметінен кеткен еді. Ол осы қызметте жүргенде үш науқастың АИТВ инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Gov.kz

Табынбаев Денсаулық сақтау министрлігінің тексеруінен кейін жұмыстан шеттетілген еді.

20 мамырда Нариман Табынбаевтың Ақсай республикалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалғаны белгілі болды. Тағайындауды аурухана әкімшілігінің қызметкерлері растады. Ал бұрынғы басшының кетуіне не себеп болғаны белгісіз.

Нариман Табынбаев аталған екі мекемеге дейін 2018-2020 жылдар аралығында Алматыдағы УОЗ Орталық қалалық клиникалық ауруханасында мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, 2020-2022 жылдар аралығында Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 

Айта кетейік, бұған дейін Нариман Табынбаев 2021 жылы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған кезде медицина қызметкерлері вакцинациядан бас тартқан жағдайда не болатынын айтқан еді. 

Талқылау