Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда метро жұмысында ақау болды

Алматыда 26 қаңтарда таңертең "Райымбек" станциясында ақпараттық желі істен шығуына байланысты метро жұмысында ақау болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Метрополитен бекеттері порталынан

Осыған байланысты метродағы пойыздар қолмен басқару режиміне ауыстырылған.

"Барлық станцияда қозғалыс аралығы уақытша ұлғайтылды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ. Қазір метрополитен штаттық режимде жұмыс істейді. Алаңдауға негіз жоқ", – деп хабарлады "Метрополитен Алматы" КМК.



Бұдан кейін мамандар ақауды тез арада жөндеп, пойыздардың қозғалыс аралығын қысқа мерзімде қалпына келтірген. Метрополитен өкілдері “қолайсыздықтар үшін” кешірім сұрады. 

Еске салсақ, Алматы метрополитенін салу кезінде 5 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланғаны туралы хабарлаған едік.

Талқылау