Алматыда металл өңдеу цехы өртенді
Алматыда түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехынан өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, 15 шілдеде таңғы сағат 06:59-да өрт сөндіру бөліміне Әуезов ауданының тұрғынынан Райымбек даңғылы, 348 мекенжайында өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.
"Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндіру бригадасы түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехында электр трансформаторының жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын цех төбесіне таралып үлгерген. Алдын ала ақпарат бойынша өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған", – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше өрт 08:57- де оқшауланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді