Алматыда мектеп бітірген қыздар жігітті ұрып, видеоға түсірген
Әлеуметтік желіде мектеп бітірген қыздардың жігітті ұрған сәтінің видеосы тарады. Қыздар видеоны өз парақшаларына жүктеген. Сондай-ақ оқиғаның Алматыда болатыны жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеода тағы бір жігітті байқауға болады. Ол қыздарға көмектескен болуы мүмкін.
Полиция департаменті көп ұзамай қыздардың ұсталғанын мәлімдеді.
"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазір олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істің өзге мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған