Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернінен сүйген: Алматыда мектеп күзетшісі 6-сынып оқитын қызға тиісті деп айыпталды

Желіде Алматы мектептерінің бірінде күзетшінің алтыншы сынып оқитын қызға тиіскені туралы айтылған бейнежазба пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бейнежазба авторы оқиғаның Алматыдағы №160 орта мектепте болғанын айтады.

“Оқиға қалай болған? Мұғалімі бірдеңе беріп жіберу үшін қызды шақырған. Бірақ өзі күтпей, затты күзетшіге қалдырған. Қыз келген кезде күзетші мас күйде болған. Бізде күзетшінің қызға тиісіп, сүйіп, өзіне тартып жатқан видеосы бар. Құдайға шүкір, қыз қашып үлгерген", — дейді бейнежазба авторы.

Қалалық білім бөлімі бұл фактіге қатысты шұғыл шаралар қабылданғанын атап өтті.

“№160 орта мектепте қауіпсіздік қызметін көрсететін "Altyn Alem Group" ЖШС-нің қауіпсіздік қызметіне қатысты мектеп әкімшілігі тиісті хаттама толтырды. Өз кезегінде ЖШС-ге келісімшартты бұзу туралы шағым және хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта күзетшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, күдікті 15 тәулікке қамауға алынды”, – делінген білім бөілімінің хабарламасында.

Алматы қаласы Алатау аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Талқылау