Алматыда мас қыз көпқабатты үйдің терезінен ұшып түсе жаздады (видео)
Әлеуметтік желіде ішімдікке тойып алған қыздың төртінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздаған видеосы тарады. Оқыс жағдай Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Қыздың терезе жақтауында отырған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Полицияның мәліметінше, бұл жағдай жалдамалы үйде болған.
“Қыз қатты мас күйде болды. Абырой болғанда, оны құтқарып қалды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ”, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.
Оқиға орнына учаскелік инспектор жедел жетті. Аталған факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орында мас күйінде жүру) әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұған дейін Алматыда адамдар отырған аттракционның әуеде тұрып қалғаны туралы жазған едік.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған