Алматыда көшеде ер адамды пышақтап кетті
Алматыда көшеде ер адамды өлтіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Алматының Түрксіб ауданында 28 маусым күні болған.
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, "Буран-291" патрульдік экипажы күдіктіні “ізін суытпай" ұстады.
Ұсталған күдіктінің айтуынша, ол тек пышақпен қорғанған, ал қарудың қарсыласының денесіне қалай тигенін білмейді. Сонымен қатар оның мас болғаны анықталды.
Күдікті Алматы облысы Қарасай ауданының 45 жастағы тұрғыны. Кейін полиция бөліміне жеткізілді. Арнайы топ оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыс қаруын тауып, сараптамаға жіберді.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді