Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда коронавирус жұқтырған келіншек босанғаннан кейін көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді жазалауды сұрайды

Алматыда көз жұмған Аружан Кимнің туыстары оның өліміне перзентхана дәрігерлерін кінәлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап. 

23 жастағы жүкті келіншек коронавирус жұқтырған. Жүктіліктің жетінші айында Аружанның толғағы басталып, босану болған. 

Туыстары тыныс алуы қиын екеніне қарамастан дәрігерлер босануға мәжбүрлеп, содан кейін барып қана желдеткішке ауыстырды дейді. 

Аружанның анасы Ақжанар Жүсіпова енді немересіне ана болып отыр. Аружан қызын кеудесіне алмай жатып көз жұмыпты. Бұл келіншектің екінші баласы. Аружан Ким 4-ші перзентханаға ПТР оң нәтижесі және 25% өкпесі зақымданған күйде түскен. Бір аптадан кейін, емделуіне қарамастан, жағдайы нашарлап, реанимацияға ауыстырылды.



Содан кейін мерзімінен бұрын толғағы басталған. Аружанның анасы қыздың тыныс алуы қиын болса да, босануға мәжбүр болғанын, дәрігерлердің кесарь тілігі жасау мүмкіндігі болса да, жасамағанын айтады. Босанғаннан кейін Аружан жасанды комаға түсіп, желдеткішке қосылды, бірақ ол көп ұзамай көз жұмған.

“Мен кінәлілердің жазаланғанын қалаймын. Олар мені қызсыз, күйеуін әйелсіз және екі баланы анасыз қалдырды”, – дейді келіншектің анасы Ақжанар Жүсіпова. 

Ауруханадағылар кесарь тілігін жасаудың қажеттілігі болмағанын айтады. Оның үстіне науқасты ары-бері тасымалдау мүмкін болмапты. Дәрігерлердің сөзінше, босану жақсы өткен, бірақ келесі күні тыныс жетіспеушілігінің жоғарылауына байланысты Аружанның жағдайы нашарлаған.

“Өкпе зақымдалғандықтан, айналымдағы қан көлемі өкпе арқылы өте алмайды. Өкпе оны көтере алмады. Біз әйелді құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық”, – дейді №4 перзентхананың бас дәрігері Экатерина Самарцева. 

Туыстарының айтуынша, Аружанның өліміне қан ұйығышының бөлінуі себеп болған. Олар оның қанды сұйылтатын қондырғыға неге қосылмағанын анықтауды талап етеді.

Соңғы 7 айда елімізде коронавирус жұқтырған 60-тан астам жүкті әйел жан тапсырды. Бұл перзентханада көз жұмған екінші келіншек. Қазір мұнда COVID -пен ауыратын 79 жүкті әйел жатыр, олардың саны өсуде. Дәрігерлер COVID -пен ауыратындар үшін ең қауіпсіз нәрсе – табиғи жолмен босану екенін айтады. 

Талқылау