Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, бас сауғалаған адамдар терезеден секірді

Алматы көпқабатты тұрғын үй өртеніп, оның видеосы желіде тарады. Видеодан кейбір адамдардың жанып жатқан ғимараттың терезелерінен секіргенін көруге болады. Ал тағы біреулер балаларын лақтыруға мәжбүр, оларды төмендегі топ адам кілемнің көмегімен қағып алуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 тамызда сағат 17:10-да Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 үй мекен-жайына аттанды.

Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер 16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранғанын анықтады. Сондай-ақ 5 және 6-қабаттағы жеделсатының электр кабельдері де өртеніп жатыр.  

"Сағат 18-00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қызыл жалын қамтыған аудан нақтылану үстінде. Жоғары қабаттардағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 250-ге жуық адам эвакуацияланды, үш тік саты мен үш автомат саты арқылы 40 адам құтқарылды".Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда өрт сөндірілді. 

Оқиға орнында қалалық ТЖД күштері мен құралдары сапынан 50 адам және 14 техника жұмыс істеді, оның ішінде 3 автосаты бар. 

 

Талқылау