Алматыда қолына қару ұстаған ер адам видеоға түсіп қалды
Алматыда қолына тапаншаға ұқсас затты ұстап жүрген ер адам видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамды көлік салонында болған куәгерлер видеоға түсірген. Кадрда ер адамның Үлкен Алматы арнасы (ҮАА) бойында жүргенін байқауға болады.
"Бүгін қаруы бар жігіт Солтүстік сақинаны айналып өтті (ҮАА бойымен)", - делінген жазбада.
Ер адам қара түсті шалбар, ақ өрнекті жемпір және қызыл кеудеше киген. Ол бір қолына тапаншаға ұқсас затты, екінші қолына ақ сөмкені ұстаған. Оның нағыз қару немесе ойыншық болғаны әлі белгісіз.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды