Алматыда көлік жүргізушісі 5 оқушыны қағып кетті
Алматы облысында Lexus көлігінің 28 жастағы жүргізушісі бес оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“25 қазан күні сағат 19:50 шамасында Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен", - деп хабарлайды Алматы облысы полициясы.
Апат салдарынан зардап шеккен бес кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады
Мектеп бітіру кешінде шампур тығып алған: Алматы облысында Әлібидің өліміне күдікті жасөспірім 10 жылға сотталды
Аталған қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды