Алматыда көлік жасөспірімді қағып кетті: 16 жастағы жігіт көз жұмды
Алматыда жасөспірімді көлік қағып кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Бала жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтуге ыңғайланған. Алайда жүргізуші қызыл белгіде тоқтамай, жаяу жүргіншіні қағып кетті.
16 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның туыстары жүргізушіні ұрып-соғып, көлігін сындырған. Өлім апатына күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды.
“ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде жүргізуші ӘТҚ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша басталды”, – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"