Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 120 теңгеге көтерілетін болды

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мегаполисте қоғамдық көлікте жүру ақысын 120 теңге деп бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, тарифті 120 теңгеге дейін көтеру техниканы дер кезінде жөндеуге, қосалқы бөлшектерді дер кезінде сатып алуға және тасымалдаушыларға түсетін қаржылай жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Комиссия мүшелері тұрақты әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалының тарифтерін сәйкестендіру мәселесін де қарады. Тариф 120 теңгеге көтерілсе, 2024 жылы 7 миллиард теңге субсидия үнемделеді. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматыда 2468 автобус пен троллейбус шығаратын 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді. Олар тәулігіне 1,5 миллион жолаушыны тасымалдайды.

"Алайда күнделікті кірістер тасымалдаушылардың барлық шығынын өтей алмайды. Нәтижесінде техниканы уақытылы жөндемеуге, қосалқы бөлшектерді сатып алудағы кідірістер, маршруттардағы жүйеліліктің бұзылуына, жүргізуші құрамының кетуі мен тасымалдаушылардың өз қаражатынан шығыстарды жабуына және саланы дамыту үшін мүмкіндіктердің болмауына әкеліп соғады”, – делінген хабарламада.



Автобустардың, қосалқы бөлшектердің, шұғыл шығындардың және жүргізушілердің жалақысының жыл сайынғы өсуіне қарамастан, автобустардың орташа жасы 3 жыл. Ал нормативтік пайдалану мерзімі 7 жыл.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі автобуста жол жүру бағасы көтерілетінін айтқан еді. Өткен жылы қалада қоғамдық көлікте жүру ақысы 20 теңгеге көтеріліп, қолма-қол ақшасыз төлем 100 теңгеге, қолма-қол төлем 200 теңгеге дейін көтерілген.

Талқылау