Алматыда қоғамдық көлікке атпен кірген азамат жауапкершілікке тартылды
Желі арқылы таралған фактілерге сәйкес, Алматыда қоғамдық көлікке атпен кірген жолаушы құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

“Біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полиция бөлімі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 12-маршруттағы автобуста жылқысын тасымалдаған азамат Ж-ны анықтады. Ол қателігін бірден мойындап, 407-2 ҚР ҚБ 1-бөлігінің 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – деп хабарлады Медеу аудандық полиция бөлімінің басшысы Дәурен Өтебаев.
Тасымалдау кезінде жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, 407-2-бабында заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғатыны атап өтілді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген