Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда келіншекті зорлады деп айыпталған бар күзетшісінің үстінен тағы екі қылмыстық іс қозғалды

Алматыда бар күзетшісі келіншекті зорлады деп күдікке ілінген еді. Жәбірленуші кейін арызы қабылданбағанына шағымданып, күдіктінің бостандықта жүргеніне дабыл қақты. Алматы қалалық ПД Stan.kz тілшісіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

Алматыда бар қызметкерінен зорлық көрген Ұлжанның ісі қоғам талқысына түсті. Десе де адвокат Жанна Мұхамади қызға әлімжеттік көрсетті деп айыпталған бар күзетшісі Алматыда тағы бір қылмыс жасағанын мәлімдеді. 

Келіншек тамыз айында зорлық көргенін айтты, ал бар қызметкері 12 қарашада ғана қамауға алынған. Полиция департаменті жағдайға түсініктеме беріп, күдіктінің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

“Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімі өндірісіндегі П. есімді азаматтың арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы “Зорлау” бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша күдіктінің әрекеттері 191-баптың 2-бөлігі “Тонау”, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі “Зорлау” және 121-бабы 2-бөлігі “Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық” әрекеттеріне қатыстылығы тексеріліп, құқықтық баға бере отырып, түпкілікті сараланады”, – деп мәлімдеді ІСКБ бастығы.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда бардың күзетшісі қызды пышақпен қорқытып, зорлады деп айыпталғаны айтылды. Жәбірленушінің айтуынша, полиция арызды қайтып алуға мәжбүрлеген.

Талқылау