Алматыдағы жер сілкінісі: Сейсмологтар 5 балл сезілгенін айтты
Алматыда қатты жер сілкінісі сезілді. Сейсмологтар қаладағы жер сілкінісі 5 балл болып сезілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресми ақпарат бойынша жер сілкінісің магнитудасы 6,7 балл.
Эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық қуаты 15,1 балл, магнитудасы 6,7 балл.
Жер сілкінісі 00:09-да тіркелген. Алматыда жерасты дүмпуі 5 балл болып сезілген.
Тұрғындардың сөзінше, жер сілкінісі Алматы, Жамбыл мен Түркістан облыстарында, Қырғызстан аумағында да сезілген.
"Сейсмикалық стансалар желісі "NNTSSN и I" ЖШС Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 23 қаңтар 2024 ж. Алматы уақыты бойынша сағат 00:09:02-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан”, – деп мәлімдеді сейсмологтар.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1. Магнитудасы MPV 6.7. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 41,22°. 1,78° В Тереңдігі 65 км.
Сейсмологтардың мәліметінше жер сілкінісі 4 балл болып сезілген.
Қала тұрғындары жер сілкінісі қайталанғанын жазуда.
“Бұзылулар мен жарақат алғандар, құрбандар туралы ақпарат жоқ”, – деп мәлімдеді қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысы Нұрлан Атығаев.