Алматыда қараусыз қалған ғимараттардың бірінде нәрестенің денесі табылды
Алматыдағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы ақпаратты жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде таратыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Байқұстың денесін егеуқұйрықтар кеміріп тастапты", - деп жазыпты әлеуметтік желі қолданушылары.
Қалалық полиция департаменттігі ақпаратты растады. Сөздерінше, жаңа туған нәрестенің денесі шынымен қараусыз қалған ғимараттардың бірінен табылыпты.
Қазіргі таңда оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот алды тексеріліс жұмыстары басталып кетіпті. Бұл үшін арнайы жасақ та құрылған, олар бұл әрекетке барған қатыгез ананың кім екендігін анықтайтын болады.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты