Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда карантин режимі іске қосылды: Блок-бекеттердегі жағдай қалай? (фото)

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі бүгін сағат 00:00-де іске қосылды. Stan.kz редакциясының тілшісі қаланың шығаберісінде орналасқан блок-бекеттердің біріне барып, ондағы жайтты біліп қайтты. 

блок пост

Қазақстаның екі ірі мегаполистері карантинге мемлекеттік комиссияның шешімімен жабылды. Бұл жағдай президенттің елімізде төтенше жағдай жариялауына байланысты жүзеге асырылып отыр. 

Райымбек даңғылындағы "Барлық" базарының маңындағы блок-бекетте қазіргі уақытта қалаға ағылған жұрт пен керісінше сыртқа қашып жатқандардың ағымы әлі тоқтамапты. Иықтарына қару асынған полиция қызметкерлері мен арнай жасақ жауынгерлері бекет маңына артық ешкімді жолатпай, келушілерді біртіндеп кіргізіп жатыр.

Тілшінің хабарлауынша, алғашында келіп-кетушілерді арнайы тепловизор құрылғысы арқылы тексеріпті, алайда қазір қалаға келгендерден олардың жеке куәлігі мен Алматыда тіркеуде екендігі туралы анықтама ғана талап етілуде. 

блок пост

"Қалада тіркеуде екендігін дәлелдейтін құжаты мен жұмыс орнынан анықтаманы тексеріп жатырмыз. Егер қолында осы қағаздар болса кіргіземіз. Көліктерге қойылатын талап басқа. Қаладан адамдарды кедергісіз шығарып жатырмыз", - деді Наурызбай ауданының полиция бөлімшесінің капитаны Көшімбаев Алмас. 

Блок-бекеттерде тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ жауынгерлерінен бөлек жедел жәрдем қызметкерлері де жүрген көрінеді. 

 

блок постблок пост

Құлжа тас жолында орналасқан тағы блок-бекетте БТР көлігі, әскерилер, полиция қызметкерлері тұр. Алматы облысының тұрғындарын жеке куәліктерін тіркеп шығарып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, қала билігі наурыздың 22-сіне дейін қала мен сырт жақтан қатынайтын тұрғындарға үйлеріне дейін жетіп алуларын ескерткен еді.

Блок-бекетте қалып қойған тұрғынның айтуынша, тәртіп сақшылары оның қалаға кіруіне кедергі жасапты. Көлігін алысқа тастап кетіп, постқа дейін жаяу жүріп келген тұрғын медициналық орталыққа жету үшін такси шақыртуға тура келген. 

"Мен ауылда тіркелгенмін. Мен қалаға барып тексерілуім керек. 26-сы күні ота жасалады. Енді қалай болар екен. Көлігімді сыртқа тастап, өзім жаяу жүріп келдім. Не бар кептеліске тұрып?" - дейді бекетте қалып қойған тұрғын Жанар Рәкішева. 

Ұзын-сонар кезек тұрған көлік жүргізушілерінің бірі коронавирус үшін ауылға бара жатқанын, бала-шағасы сонда екеннін жеткізді. Карантин аяқталғанша сол жақта боламын дейді ол.

Ал қорғаныш костюмын киіп, барлық тұрғындарды тіркеп өткізіп тұрған мамандардың қолында тепловизор болғанымен, ешкімнің дене температурасын тексеріп жатқан жоқ.

блок

блок постблок постблок постблок постблок постблок пост

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тараз тұрғыны бақылау-өткізу пунктінен жібермеген полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Ер адам полиция қызметкерінің қойылған талаптармен келіспейтінін білдіріп, оны боқтаған

Бөртпе және конъюнктивит COVID-19 белгілерінің бірі болуы мүмкін - Денсаулық сақтау министрлігі жаңа хаттамасы

COVID-19 үшін жаңа клиникалық хаттамалар бекітілді

Мұнай бағасы 40 пайызға өсті

Шамамен жарты сағат бұрын Brent маркалы мұнай бағасы 40 пайызға көтерілді

Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келе бастады

Миллионнан астам қазақстандықтар жәрдемақыны белсенді түрде алады

Коронавирустың өсуі баяулауда - Ерлан Қарин

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік режимнің күшеюі өз нәтижесін беруде

Түркістан облысында жаңа тіркелген науқастар - коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар

Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген

Қазақстанда ел бюджетінің тапшылығын алдын алу үшін 3 триллион теңге қарызға алу жоспарланыпты

Вице-министр: Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет

Мүгедектігі бар 75 жастағы алматылық қария үйінде жалғыз қалып, азық-түлік алуға сыртқа шыға алмай отыр

Зейнеткер: Полиция көріп қалса, ұрысып шыға келеді

Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Алматы обысында нанды қаптамасыз сатқан кәсіпкер айыппұл арқалады

Азаматқа 26 510 көлемінде айыппұл тағайындады
Çàãðóçêà...