Алматыда қар көшкіні астында қалған екінші туристтің денесі табылды
Алматы тауларында құтқарушылар екінші зардап шегушіні қар астынан тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ер адам тіршілік белгілерінсіз табылған.
Айта кетсек, қар көшкіні сәрсенбі күні сағат 13.28-де Іле Алатауы тауларындағы Молодежный шыңы аймағына жүрді. Қар астында екі адамның қалғаны хабарланды. Екі сағаттан кейін бірінші зардап шегуші табылды – ол тірі, иығы мен жамбасынан жарақат алған.
Құтқарушылар кейінірек хабарлағандай, Францияның алты азаматы шаңғы тебу кезінде қардың көшуіне себепші болған. Төртеуі зардап шеккен жоқ, екеуі қар көшкіні астында қалды.
Бір күн бұрын құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейетінін ескерткен болатын.
Өткен айда "Шымбұлақ" курортында қар көшкіні кезінде шаңғышы қаза болды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған