Алматыда Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған Калашников автоматы мен басқа да қарулардың қоймасы табылды
Ұлттық қауіпсіздік қызметі Алматыдан "Қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған қару-жарақтарды тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы қару арсеналы жасырылған орынды 24 қаңтарда анықтаған.
“Калашников" автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды”, –делінген ҰҚК ақпаратында.
Алдын ала деректерде табылған қару "Қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланғаны айтылады.
- Қазақстанда сәтсіз мемлекеттік төңкеріс әрекетінің режиссері кім болды? Қаңтар оқиғасының хронологиясы мен тың деректері жарияланды
- "Ешкім шабуылдаған жоқ, өзара атысты": Шекара қызметі офицері Қаңтар оқиғасы кезіндегі атыс туралы айтып берді
“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – деп қосты ҰҚК.
Айта кетейік, Қаңтар оқиғасынан кейін еліміздің бірнеше қаласында полиция жасырылған қару қоймаларын анықтады. Қару-жарақ Алматы, Тараз және Талдықорған секілді қалаларда табылды. Тәртіп сақшылары қазіргі күнге дейін әртүрлі қару қоймаларының табылғанын хабарлап келеді.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктер барысында қару-жарақ дүкендері мен құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимаратынан 2 900-ден астам қару, сондай-ақ 63 180 оқ-дәрі ұрланғанын айтқан.