Алматыда қалың қар салдарынан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды
Алматыда қатты жауын-шашын салдарынан ағаштар құлады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда кеше және түннің бірінші жартысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауды. 16 мм жауын-шашын түсіп, қар жамылғысының биіктігі 7 см-ге жеткені туралы хабарланды.
Метрополистің бірнеше ауданында төтенше жағдай мен ағаштардың құлауы салдарынан 8 жағдай туралы ақпарат түскен.

Құлаған ағаштар 4 көлікке зақым келтірді. Департамент ағаштардың құлауы мен жеке тұрғын үйдің аумағын су басу салдарын жоюға 5 бірлік арнайы техника мен құтқару қызметі құрамының 17 адамы жұмылдырылғанын хабарлады.
Төтенше жағдайдан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
