Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ-та Алматыдағы басқарма басшысы ұсталды деген ақпарат таралды: Әкімдіктегілер түсініктеме берді

Желіде Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат тарауда,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

басшы

Желіде Алматының Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұтқындағаны жайлы ақпарат таралған. 

Өз кезегінде Алматы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

БАҚ-та таралған мәліметке сүйенсек, шенеунік модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын салуға бөлінген бірнеше миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінді.

"Желіде және сайттарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтің ұсталғаны жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. С. Нұрашев қазір жұмыс орнында. Әкімдім Тергеу алды тексеру жұмыстары жайлы барлық мәліметтерді бөлісуге дайын", - деді Алматы әкімдігінің өкілдері. 

Айта кетейік, Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаладағы инфекциялық аурухананың құрылысына байланысты ақша жымқыру фактісі бойынша тергеуді бастап кетті. Аталмыш іске қатысты бірқатар шенеуніктер мен "Bi-Industrial" ЖШС-нің директоры тергелуде. 

Талқылау