Алматыда ірі көлемде электронды темекі сатқан 2 тұрғын сотталды
Қаржы мониторингі агенттігі электронды темекіні ірі мөлшерде сатқандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот
Алматылық тұрғындар бірнеше ай вейптерді көтерме сатумен айналысқан.
Сондай-ақ Алматы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 55 мыңнан астам электронды темекі табылған және тәркіленген сауда және қойма үй-жайлары анықталды.
Сот үкімімен алматылық екі тұрғын кінәлі деп танылды. Олардың біреуіне 3 450 000 теңгеден астам айыппұл салынды, ал екіншісіне 1 жыл бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жаза тағайындалды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты