Алматылық азамат көпқабатты үйдің балконына шығып, елді шошытты (видео)
Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын-үй кешендерінің бірінде балконның жиегінде тұрған адамның видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі, бұл факт бойынша «102» пультіне және аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне ешқандай хабарлама түспегенін айтты.
"Қазіргі уақытта оқиға орнына Бостандық аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы шықты, ол тексеру шараларын жүргізіп, экстрамалдың жеке басын анықтайтын болады. Онымен бірінші кезекте құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мән-жайды анықтаймыз", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар