Алматыда ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған

Фото: Pixabay.com
Алматыда ер адам әйелін өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Думан шағын ауданындағы үйлердің біріндегі пәтерден полицейлер 38 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Мәйітті отбасының туысы тауып алған.
Оны 40 жастағы күйеуі пышақтағаны анықталды. Ол әйелін өлтіріп алған соң, Алматы облысындағы ағасына соны хабарлаған. Кейін өзіне қол салыпты.
Төсектен тұрмай, үйден шығуды қойған: Ақтөбеде әйелін ұрып өлтіріп қойған ер адам 8 жылға сотталды
Кісі өлтіру фактісі бойынша Медеу аудандық ІІБ полиция бөлімінде іс қозғалды.
"Қылмыстың отбасылық жанжал салдарынан жасалғаны алдын ала анықталды. Ер адам әйелін пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсады", – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.
Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.
Еске салсақ, Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірдідеген күдікке ілінген еді.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді