Алматыда екі оқушы қыз тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды
Алматыда екі оқушы қыз белгісіз жағдайда тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Жергілікті тұрғындардың дерегінше оқиға Жамбыл мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Қыздар тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлаған.
Полиция болған оқиғаны растады. Қалған жағдайлар әлі нақтыланып жатыр.
"Аталған факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себептер мен мән-жайлар анықталып жатыр", – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"