Алматыда екі көлік ірі жол апатына түсті
Алматының Әуезов ауданында екі көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Апаттан кейін көлік жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өтеген батыр көшесімен солтүстік бағытта бет алған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, тұрақта тұрған Chevrolet Cobalt көлігіне соғылған. Қатты соққыдан екі көлік те жолдан шығып кеткен. Қуанышқа орай Chevrolet Cobalt көлігінде ешкім болмаған.
Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. Сондай-ақ апат салдарынан көліктің екі жүргізушісі ауыр жарақат алды. Оларды ауруханаға жеткізген. Қазір полиция көлік жүргізушісін іздестіруде.
Айта кетейік, бұған дейін жұмыссыз қалған полицей Тоқаевқа үндеу жолдаған еді. Ол жол апаты орнынан қашып кеткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мас қызметкерін ұстағаннан кейін жұмыстан заңсыз шеттетілген.
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды
Комитет: "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиакомпаниялармен бірлесіп, тұрақты негізде жағдайға мониторинг жүргізеді"
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды