Алматы облысында елікті өлтіріп, денесін аттың құйрығына байлап қойған браконьерлер ұсталды
Алматы облысында Сібір елігін атып, кейін оның өлігін жылқының құйрығына байлап қойған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде қоршаған ортаны қорғау министрлігі мәлімдеді.

Күдіктілерді 5 наурыз күні қолға түсірген. Үш инспектор Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында рейд жүргізіп, екі жергілікті тұрғынды анықтады. Оларды тінту кезінде екі мылтық пен Сібір елігінің денесін тәркілеген.
"Браконьерлер олжаны жылқының құйрығына байлаған. Ал құйрығына еліктің денесі байланған жылқы шошып, ауылға қарай қашқан. Алдымен инспекторлар браконьерлерді ұстады, кейін олар құйрығына елік байланған жылқыны да ұстады", – делінген министрлік мәлімдемесінде.
- Ақмолада мас ер адам көршісінің үйіне пышақпен кіріп, итін өлтіріп кеткен
- Алматы тұрғыны Шымбұлақ маңында қар барысын видеоға түсіріп алған
Құқық бұзушылар Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды
Комитет: "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиакомпаниялармен бірлесіп, тұрақты негізде жағдайға мониторинг жүргізеді"