Алматыда дүкендердің бірінде бейтаныс қыздың кеудесінен ұстаған ер адам табылды
Алматыдағы дүкендердің бірінде бейтаныс қыздың кеудесінен ұстаған ер адам табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жәбірленуші өзінің қалалық полиция бөлімінде екенін әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Ер адам табылды. Бірнеше сағат бұрын оны таптық. Құқық қорғау органдарына жедел жұмысы үшін рақмет. Істі енді өздері жалғастырады.
Бұл оқиғадан шаршадым. Қолдау білдірген жандарға алғыс", - деді ол.
Ал Адвокат Анна Чернова қылмыскер қазір қалада жоқ екенін айтты.
Айта кетейік, Алматы қаласының тұрғыны дүкенде белгісіз ер адамның кеудесінен ұстағанын айтып полиция қызметкерлеріне шағымданған еді. Оқиға 18 тамыз күні Гагарин мен Өтепова көшелерінің қиылысындағы дүкендердің бірінде болған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"