Алматыда дөнер орталығы өртеніп кетті
Алматыда сауда кешенінің жанында дөнер орталығы жанып кетті. Оқиға орнынан видео әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"1 тамыз күні сағат 15:43-те Түрксіб ауданы Сейфуллин даңғылы мекенжайында "Жібек Жолы" сауда кешенінің бірінші қабаттындағы дөнер орталығы жанған (жалпы ауданы 36 ш.м.). Сағат 16: 06-да өрт сөндірушілер 10 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деп хабарлады Алматы ТЖД.
Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндіру үшін 14 қызметкер мен 5 техника, Түрксіб аудандық полиция басқармасынан екі қызметкер мен 1 техникасы жұмылдырылған.