Алматыда депутаттың пәтерінің жанындағы балалар арбасын біреулер өртеп кеткен
Депутат Бақытжан Базарбектің баласының арбасын әлдекімдер өртеп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны депутаттың өзі әлеуметтік желілерде жазды. Балалар арбасы пәтердің алдында тұрған.
Оның айтуынша, оған біреулер Парламентте Жаңа Қазақстанды құруға болмайтынын еске салып, қоқан-лоқы көрсетуде.
"Алматыдағы пәтеріміздің алдында тұрған арбамызды өртеп жіберген. Шамасы, маған Парламентте Жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес екенін еске салғысы келеді!" – деді Бақытжан Базарбек.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"