Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда демалыс күндері жаппай локдаун енгізіледі - Бекшиннің жаңа қаулысы

Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты. Онда демалыс күндері Алматыда қандай нысандар қызметін тоқтата тұруға мәжбүр болатыны айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың, Ashyq қатысушыларының қызметі сенбі және жексенбі күндері 2021 жылғы 2 тамыз бен 16 тамыз аралығындағы кезеңде тоқтатыла тұрсын", – делінген Қаулы мәтінінде.

Бұл шектеуге кірмейтін орындар: 

- орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары;

- құрылыс жұмыстарын, өнеркәсіп ұйымдарын ұйымдастыру;

- байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімдерді жөндеу, Тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау және басқалар);

- гүл дүкендері, фотосалондар;

- туркомпаниялар, бизнес-орталықтар;

- қызметтің жекелеген түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің қызметтері және басқалар).

- қоғамдық тамақтану объектілері тек алып кетуге және жеткізуге арналған.

Айта кетейік, мұндай шектеу шаралары "қара қызыл" аймаққа кірген өңірлер үшін де қолданылады. 

Талқылау