Алматыда дәмхана күзетшілері келушіні аяусыз соққыға жыққан (видео)
Алматының Алмалы ауданындағы дәмханалардың бірінде күзетшілер келушіні аяусыз соққыға жықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

видеодан скрин
Белгілі болғандай, 40 жастағы ер адам ауыр жарақаттарымен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілген.
Полиция ер адамды аяусыз соққыға жыққан екі күдіктіні ұстады.
Полиция басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
“Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында дәмхананың екі күзетшісінің кінәсі анықталды. Жәбірленуші достарымен бірге көңіл көтеріп, отырыс уақытын сәл ұзартуды сұраған. Бұл өтінішке күзетшілер агрессивті жауап қайтарып, төбелес шығарған. Тіпті, мекеме қызметкерлері көмекке келгісі келген адамдардың әрекетіне мән бермеген. Екі күдікті қамауға алынды”, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Қазір тергеу жалғасып жатыр, ал жәбірленушінің жағдайы бақылауға алынған.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты