Алматыда брендтік киімдер дүкенін тонаған ұрылар ұсталды (видео)
Алматы қаласы Алмалы ауданында брендік киімдер мен аяқ-киімдер дүкенін тонаған үш ер адам ұсталды. Ақпаратты полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов өз Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

39, 37, 33 жастағы азаматтар жаппай тәртіпсіздіктерді пайдаланып, Гагарин көшесінде орналасқан киім дүкендерін тонаған.
Ұрылардың қылмысын куәгер видеоға түсіріп алған. Кадрлардан ер адамның заттарды көліктің жүк салғышына салып жатқанын көруге болады.
"Ер адамдар ұрланған киімдерді өлшемі және маусымға қарай бөліп үлгерген. Сонымен қатар олардың өзге де тәртіп бұзушылықтарға қатысы бар екені анықталды", - деп жазды Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғыны ұрлықтың куәгері болғаны туралы мәлімдеген еді. Оның сөзінше, ұрылар дүкендерді отбасыларымен бірге тонаған.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады