Алматыда блогерді ұрып, тонап кеткен бұзақылар ұсталды
Полиция блогер Валерий Кудрявцевті ұрған күдіктілерді ұстады. Олар Іле ауданының 19 жастағы тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шабуылшылардың тұлғаларын бірден орнаттық. Күні бойы жедел және арнайы іс-шаралар кешені өткізілді, соның арқасында күдіктілердің екеуі де ұсталып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаскүнемдер – Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары, екеуі де жұмыссыз, 2002 жылы туған. Қазіргі уақытта заттай дәлелдеме – жәбірленушінің ұялы телефонын өткізу орны анықталуда", - деп жазды Рустам Әбдірахманов.
Еске сала кетейік, Алматыда белгісіз біреулер блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонағанын жазғанбыз.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі