Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арасында Кенжебек Жанәбілов пен Асхат Тарғын бар: Танымал әншілерге біреудің туындысын сатқан "композитор" ұсталды

Алматыда өзгенің әндерін бірнеше орындаушыға сатқан 30 жастағы алаяқ композитор ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Бостандық ауданы подиция департаментінің мәліметінше, өзін композитормын деп өтірік таныстырған ер адамға бірнеше адам ұжым болып арыз жазған. Азамат қазір бірқатар музыкалық орындаушыларға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

“Азаматтардың өтінішінен көрініп тұрғанымыздай, ер адам өзінің композитор екенін мәлімдеп, біреудің туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатқан. Күдікті ұсталды. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда”, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.



Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Айта кетсек, осыған дейін бұл “композитордың” "Музарт" тобындағы Кенжебек Жанәбіловке, Асхат Тарғын әндерін сатқанын жазған едік. Әншілердің көбі шығармалардың арзан бағасына қызыққан. Өнерпаздардың сөзінше, ақын-композитордың атын жамылған азаматтың әрекетінен бас-аяғы 100-ге жуық адам зардап шеккен. Көбі 100 мыңдап шығынға батса, он шақты әнші бір әнге таласып қалған көрінеді. 

Талқылау