Алматыда бір жастағы бүлдіршін көлік астына түсіп, мерт болды
Алматыда Алатау ауданында жеке үйдің ауласында бір жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Delica" көлігінің жүргізушісінің айтуынша, ауладан шығып бара жатқан нәрестені байқамай, бар жылдамдығымен оны басып өткен.
2021 жылы туған бала алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше сол жерде көз жұмды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жол полициясының қызметкерлері, сот-медициналық сарапшылар мен тергеушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі