Алматыда балалар жұқпалы аурулар ауруханасы карантинге жабылды
Алматыда балалар жұқпалы аурулар ауруханасы карантинге жабылды. Жалпы, қалада екі медициналық мекеме жұмысын тоқтатты. Бұл туралы мегаполистің бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасимова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы коронавирус аурулары тіркелген алғашқы күннен бастап жабық. Науқастар басқа мекемелерге жіберілді. Науқастармен байланысқа шыққан қызметкерлер карантинге алынған. Қалалық балалар жұқпалы және орталық клиникалық ауруханасы жабық", - деді Айзат Молдағасимова.
Естеріңізге сала кетейік, қалалық орталық клиникалық аурухананың дәрігерлері арасында коронавирустың 20 жағдайы тіркелген. Соңғы екі күнде Алматыда жұқтырған тағы жетеуі - балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері.
Өткен тәулікте қалада медицина қызметкерлері арасында COVID-19 вирусын жұқтырудың 27 жағдайы тіркелді.
Рамазан айы 2020. Алматы қаласы үшін Ораза кестесі
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"