Алматыда балабақшада тәрбиеші баланы ұрып-соғып, тұншықтырған (видео)
Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан. Аталған жағдай мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Желіде жекеменшік балабақша тәрбиешісінің баланы ұрып-соққаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан тәрбиешінің баланы орындыққа күштеп отырғызып, тұншықтырғанын байқауға болады. Бала сол сәтте бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұрайды. Алайда олар мән бермей отыра береді.
Бала ата-анасына жағдайды өзі жеткізген. Сосын ата-ана бейнебақылау камерасын ашып қараған. Нәтижесінде полицияға арыз жазған.
"Бостандық аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы балабақшада тәрбиеші бір жасар қызды жұлқылап, қолын шығарып жібергені туралы жазған едік.
Қазақстандық әуежайларға жаппай айыппұл салынды: Бұған не себеп
Сарапшы: "Мемлекет әуе компанияларын емес, әуежайларды қолдауы керек"
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады