Алматыда әйелдің басын кесіп тастады деген күдікке ілінген ер адамды қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды
Алматыда әйелдің басын кесіп тастады деген күдіктінің қамауға алу мерзімі қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органының өтініші бойынша И. атты азаматқа қатысты қамау 3 қыркүйекке дейін екі айға ұзартылды.
Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуірде Алматыда белгісіз ер адам әйелдің басын пакетте қалдырды. Бұл Станкевич көшесіндегі Алматы-1 базарында болды. Полицияның мәліметінше, әйелдің денесі Шолохов көшесіндегі саябақтан табылған.
24 сәуірде полиция 1962 жылғы азаматты осы қылмысқа күдікпен ұстағаны белгілі болды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күн таныс екендігі және жанжал кезінде қылмыс жасауы мүмкін екендігі анықталды.
Алматыдағы құны 1,5 миллиард теңгелік крематорийде жарты жылда небәрі 30 адам өртелген: Қызмет қанша тұрады
899 қазақстандық бұл рәсімге берген келісімін қайтарып алған
Сәбіз бен қой еті 19%-ға дейін қымбаттады: Ресми инфляция неге дүкендегі бағамен сәйкес келмейді
Сәбіз бен қой еті қымбаттады, қияр арзандады: ресми инфляция мен дүкендегі баға неге сәйкес келмейді