Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам автобус жүргізушісін ішінен пышақтап кеткен

Алматыда 10 мамыр күні кешке К. есімді 66 жастағы автобус жүргізушісі пышақ жарақатын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: lt.sputniknews.ru

Оқиға Жандосов көшесі мен Рысқұлова даңғылының қиылысында жүргізуші №52 автобусты жөндеп жатқан кезде болған.

Тергеу деректері бойынша, 58 жастағы Д деген азамат К-мен жанжалдасып қалған. Жанжал кезінде Д ер адамның ішіне пышақ сұғып алған. Жәбірленушінің жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Алайда полицейлер күдіктіні ұстап, пышақты тәркілеген. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында.

Еске салайық, 2023 жыл 22 желтоқсан күні Алматыда автобус бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан 3 адам қаза тапқан еді. Полиция мәліметінше, 47-бағыттағы автобустың жолаушысы жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан жүргізуші есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Полиция автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғаған еді. Сотталушы “бұзақылық” бойынша ғана кінәсін мойындайтынын айтты. 

Жоғарғы сот автобус жүргізушісін ұрып, үш адамның өліміне себепші болған ер адамға қатысты сот отырысын тікелей эфирде өткізетінін мәлімдеген.  

Айта кетейік, бұған дейін 26 сәуірде жүргізушіні соққыға жыққан сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Талқылау