Алматыда автобус екі адамды қағып, "Mega" ойын-сауық орталығының қабырғасына соғылды
Алматыда №123 бағытындағы жолаушылар автобусы екі көлік пен екі адамды соғып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға қаладағы Сейфуллин және Мақатаев көшелерінің қиылысында, MEGA Park сауда, ойын-сауық орталығының маңында болған. Жол апатының салдарынан бес адам - екі жаяу жүргінші, автобус жүргізушісі мен автобус соғылған көліктің жүргізушісі және жолаушысы аурухағана түсті. Дәрігерлер олардың жағдайы орта ауырлық деңгейінде дейді.
Алдын ала болжамдар бойынша автобус жүргізушісінің жағдайы нашарлап, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Алматыэлектротранс өкілдері жүргізуші жұмысқа демалыстан кейін шыққанын, ауысым алдында медициналық тексерістен өткенін мәлім етті. Бұған қоса, таңертең оның мас емес болғаны айтылған.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді