Алматыда автобус өртенді (видео)
Алматыда қоғамдық көлік өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде №124 автобустың өртеніп кеткен видеоcы пайда болды.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртті құтқарушылар лезде сөндірді.
"Бүгін сағат 11:45-те "Қарасу" ықшамауданында өртенген автобусты өшіруге Алатау өңірінің құтқарушылары жіберілді. Құтқарушылар 11:53-те жетті, қоғамдық көлік ішінде жолаушылар болған жоқ. Өрт 12:00-де сөндірілді. Ол 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – деп мәлімдеді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”