Алматыда аурухана маңынан жалаңаш әйелдің мәйіті табылды
Алматы қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың жанынан жалаңаш әйелдің мүрдесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Әлеуметтік желіде Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухананың маңынан киімсіз әйелдің денесі жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция табылған мәйіттің тексеріліп жатқанын хабарлады.
Полицияның хабарлауынша, зорлық-зомбылық белгілері жоқ адамның денесі табылғаннан кейін қылмыстық іс қозғалған.
Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 22 шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектерінің табылғаны туралы хабарлама түскенін жазған едік. Ол бұған дейін Күш ауылында жоғалып кеткен бүлдіршінге тиесілі болып шықты.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар